Пайдалы кездесу

25-09-2021

Пайдалы кездесу

2021 жылғы 24 қыркүйекте облыстық Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп әлеуметтік шиеленіс ошақтарының пайда болуына ықпал ететін жағдайларға жол бермеу шараларын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен жастар қатысты.

Кездесу барысында ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет маманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, парасаттылық, адалдық, жауаптылық және патриотизм қағидаттарын бойына сіңірудің маңыздылығын атап өтті. «Түрмеден кейінгі өмір», «Сыбайлас жемқорлық тек сіздің еліңізді ғана емес, жақындарыңыздың өмірін де бұзады» деген сияқты түрлі тақырыптарға әлеуметтік роликтер көрсетілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы туралы айтып, қатысушылармен құқық бұзушылықтарға тап болған кезде қайда жүгіну керектігі туралы бөлісті.

Кездесу соңында маман іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде жастар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша өз идеялары мен ұсыныстарымен алмасты.