14-08-2014
Поляк тілі күні
2010 жылдың 19 қыркүйегі күні сағат 11.00-де облыстық Достық үйінде Қазақстан халқының «Тілдер күні» фестивалінің аясында «Поляк тілі күні» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Прапорщик селосының Киров атындағы мектептің оқу-ісі меңгерушісі Анар Бақытбекқызының бастауымен, мектеп мұғалімдерімен, 60 оқушы келді.
Мерекелік шараға келген оқушыларға алдымен Достық үйінде шағын экскурсия жүргізілді. Оқушыларға Достық үйінің тыныс-тіршілігі туралы осындағы этномәдени бірлестіктердің атқарып жатқан жұмыстары жайлы мәлімет берілді. Саяхаттан соң балалар поляк этномәдени бірлестігінің өкілдері ұйымдастырған «Поляк тілі күні» іс-шарасына қатысты. Шара барысында поляк режиссерінің фильмінен үзінді көрсетіліп, поляк халқының тілі, мәдениеті, дәстүрі жайында мәліметтер беріліп, викториналар ойнатылды. Поляк тілінде әндер айтылып, өлеңдер оқылды.
Оқушылар Достық үйіне келген сапарларында тек поляк халқы туралы ғана емес, сонымен бірге белорусс, украин орталықтарында болып, өздеріне қажетті сұрақтарға жауаптар алды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қадыр Мырзағалиев айтқандай, қазақ халқының шаңырағы аясында бір қолдың саласындай, бір адамның баласындай өмір сүріп жатқан өзге халықтың тілімен, мәдениетімен танысу әр кімге де артық болмас.