Түрік бауырларымызға көмек

13-02-2023

Түрік бауырларымызға көмек

Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болды. Нәтижесінде Түркия бойынша көптеген ғимараттар құлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркия Республикасына жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.

Сонымен қатар, Қазақстан еріктілері зардап шеккендерге гуманитралық көмегін жинауда. Сондай-ақ қаржылық қолдау көрсетіледі.

Зардап шеккендерге көмектескісі келетіндер үшін қаржылай арнайы шот ашылғаны белгілі, онда қайырымдылықтарды теңгемен аударуға болады.

Өскемен қаласының Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының қызметкерлері түрік бауырларының қайғысына бей-жай қарамай, өздерінің бір күндік жалақыларын қорға аударды.

Қиындыққа көмектесу - әркімнің қасиетті міндеті! Біздің күшіміз бірлікте!