19-05-2021
10 мамырда Риддер қаласында орман шаруашылығы өртке оранып, нәтижесінде 35 тұрғын үй өртеніп кетті. Адамдар баспанасыз, киім-кешек пен азық-түліксіз қалды. Бұл жағдай адамдарды қаражатсыз қалдырды.
Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы шетте қалмай, зардап шеккендерге дереу көмек көрсетуді мақсат еткен #bizbirgemizRidder қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Мейірімді жандардың арасында өскемендіктер, Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандарының тұрғындары, басқа өңірлердің, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Ақтау, Қостанай қалаларының, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Достық үйлерінен әріптестер болды.
Акцияға еріктілер қатысып белсенділік танытты. Жалпы күш-жігердің арқасында 880 000 теңгеден астам және 1 тоннаға жуық заттар мен азық-түлік жиналды. Гуманитарлық жүк зардап шеккен Риддер тұрғындарына жеткізілді. ШҚО ҚХА еріктілері жерлестеріне қолдау сөздерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, көмек көрсету жиыны тоқтатылды. Акцияға қатысып, жақындарын қиын жағдайда қалдырмағандарға шын жүректен алғыс айтамыз.