Татуласуға көмектесеміз!

21-01-2021

Татуласуға көмектесеміз!

Шығыс Қазақстан облысында «Сотқа дейін татуластыру»  жобасын жүзеге асыру аясында татуласу орталығы ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Даниал Ахметов, облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков, Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев және де Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясымен тығыз қарым-қатынас жасайтын кәсіби медиаторлары Дячук Марианна Ивановна, Абдрахманова Елизавета Амировна, Каленова Аксана Александровна қатысты.

Орталық жұмысының негізгі мақсаты - қоғамдағы түсініспеушілік деңгейін төмендету және адамдарға жағдайды бейбіт жолмен шешу - ол ең жақсы жол екенін жеткізу. Татуластыру рәсімдерінің  жағымды жағы - қарым-қатынасты сақтауға, келісуге, ымыраға келуге мүмкіндік береді, осылайша тараптардың әрқайсысы өз мүдделерін қанағаттандыра алады.

Мекеме жұмысының білікті мамандарының арқасында сіз отбасылық неке, еңбек және азаматтық қатынастар сияқты салалардағы дауларды шешуге көмек ала аласыз. Құқықтық сауаттылығын  арттырғысы келетін азаматтар заңгерлерге жүгіне алады, ал өзара қарым-қатынаста қиын кезеңді бастан кешірген ерлі-зайыптылар тәжірибелі психологтармен де жұмыс істей алады.

«Орталықтың қызметі халыққа кешенді қызмет көрсету арқылы азаматтардың мәселелерін шешу болып табылады. Осылайша, біз қоғамға татуластыру рәсімдері арқылы қиындықтарды жеңудің кең спектірін көрсеткіміз келеді», - дейді кәсіби медиатор -  Марианна Дячук.