Кітапсүйер қауымды қуантты

10-03-2023

Кітапсүйер қауымды қуантты

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының неміс этно мәдени бірлестігінің өкілдері Шығыс Қазақстандағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада болды.  Белсенділер мен шығармашылық ұжым өкілдері кітап сүйер қауымды жарқын концерттік бағдарламамен қуантты.  Көрермендер неміс этносының алуан түрлі салт-дәстүрлерімен қызығушылықпен танысып, жалынды халық әндерін де тыңдай алды.

«Сыйлаған эмоцияларыңыз бен жақсы көңіл-күйлеріңіз үшін көп рахмет. Керемет кездесуімізді алдағы уақыттарда қайталауға қуаныштымыз», – деп атап өтті көрермендердің бірі.