31-07-2018
Ағымдағы жылдың 31 шілдесі күні Горно –Алтай қалалық кеңесінің депутаты, «Постскриптум» тәуелсіз газеті редакторының орынбасры, Горно –Алтай ардагерлер Кеңесінің төрағасы, Алтай Республикасының құрметті журналисі, АР Журналистер одағының бірінші вице-президенті Ивашкин Алексей Сергеевич Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығында қонақта болды. ШҚО ҚХА меңгерушісі А.Қ. Нурғазиев және Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығының қызыметкерлері шетелдік қонаққа экскурсия ұйымдастырды. Алексей Сергеевич Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығының жұмысымен таныса отырып, этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін аралап, сонымен бірге Ассамблея мұражайына қойылған құнды экспонаттармен танысты.