06-06-2018
6 маусым күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығына Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нәзипа Ыдырысқызы Шанаи қонаққа келіп, Достық үйінің жұмысымен танысты.
Экскурсия барысында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубеков және ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нұрғазиев Асқар Қисаұлы Достық үйінің жұмысымен танысыптырып, этномәдени орталықтардың қызметі туралы әңгімеледі. Сонымен қатар Астанадан келген қонақ экскурсия барысында ШҚО ҚХА мұражайындағы құнды жәдігерлерімен танысты.