16-09-2021
Қыркүйек айының басы қазақстандықтар үшін Президенттің халыққа үндеуімен басталды. Осыған байланысты Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығында Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға арналған онлайн дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара ZOOM платформасында өтті. Дәл осындай формат аудандардағы әріптестерге әңгімеге қатысуға мүмкіндік берді.
Алғашқылардың бірі болып облыстық Достық үйінің басшысы Нұрғалиев Алмаз Болатұлы өз ойымен бөлісті: "Бізге этносаралық кеңістік саласында жұмыс істейтін мамандар ретінде қоғамды біріктірудің жаңа құралдарын жасауға бар күш – жігерімізді жұмсау маңызды. Қазақстанның тарихи жолы бізге дұшпандық, кемсітушілік, ұлтаралық алауыздық сияқты ұғымдар қашанда жат екенін көрсетті, ал махаббат, достық, өзара құрмет, мәдениеттердің бірлігі біздің адал серіктеріміз болып қала бермек", – деп атап өтті ол.
Одан әрі пікірталас эстафетасын этномәдени бірлестіктердің мүшелері, қоғам қайраткерлері және Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының басқа да өкілдері қабылдады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қ.К. Тоқаевтың үндеуінде экономика, білім беру, денсаулық сақтау және саясатқа қатысты реформаторлық ұсыныстар болғанын атап өтті. Этникалық әртүрлілік және мемлекеттік тіл консолидациялық механизм ретінде рөлі мәселелері кеңінен қарастырылды.
Аскерхан Хуанбай–"Отандастар" КЕАҚ "Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы" РҚБ фронт – офисінің бас сарапшысы, ШҚО ҚХА мүшесі қазақ тілінде "Тіл-ұлт тағылымының ұйытқысы" тақырыбында сөз сөйлеп, қоғамның топтасуындағы тілдің рөліне назар аударды.
Талқылау барысында республиканың одан әрі үйлесімді дамуы үшін не істеу керектігі туралы Президенттің егжей-тегжейлі ұсыныстары қаралды.
Іс-шара соңында қоғамдық келісімді нығайту және интермәдениет қағидаттарын енгізу бойынша идеялар айтылды.