Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшісі

17-08-2021

Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшісі

Достық үйі - қоғамдық келісім орталығына Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшісі - Павел Владимирович Утюпин жұмыс сапарымен келді.
Елшімен ресми кездесуге Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының басшысы Нұрғалиев Алмаз Болатұлы, беларусь этномәдени бірлестігінің төрағасы - Борисович Галина Августиновна, беларусь этномәдени бірлестігінің мүшелері, Шығыс қазақстан облысы этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, Беларусь диаспорасының өкілдері қатысты.

Өз кезегінде Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшісі сапардың мақсатын айшықтап, этномәдени бірлестіктерге түрлі кездесулер мен іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, Павел Владимирович Утюпин этномәдени қоғамдық бірлестіктің жұмысына қатысуға өзінің дайындығы мен ниетін білдірді.
Дөңгелек үстел барысында әрбір қатысушы өзін қызықтырған сұраққа жауап ала алды. Беларусь Республикасындағы білім беру мен Қазақстандық талапкерлерді қабылдау мүмкіндігі, түрлі іс-шараларды ұйымдастыру, әуе қатынасын қалпына келтіру, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай және Сovid-19 этномәдени бірлестіктердің жұмысына әсері сынды тақырыптар аясында талқылау жүргізілді.

Беларусь этномәдени бірлестігінің төрағасы Борисович Галина Августиновна ШҚО этномәдени бірлестіктің өмірі мен қызметі туралы айтып берді.Сондай-ақ, кездесу барысында қатысушылар шығармашылық ұжымның музыкалық композицияларын тыңдаудан ләззат алды.

Достық үйінің қызметкерлері елшіге ұлттық нақышта безендірілген және елдегі этностардың алуан түрлілігін көрсететін этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін көрсетті. Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің өкілдеріне естелік сыйлық табыс етілді.