Ораза айт мерекесімен құттықтаймыз!

13-05-2021

Ораза айт мерекесімен құттықтаймыз!

Құрметті отандастар!

Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр үйге жақсылық, әл-ауқат пен қуаныш әкелсін. Ораза айт мұсылман әлемінің сан ғасырлық қасиетті дәстүрін бейнелейді, бізді бейбітшілік пен бірлікке шақырады. Мейірімділік, рухани тазару, игі істерді атқару барлық ұлттар мен діндердің адамдарына ортақ қасиет.

Бұл құндылықтар Қазақстан халқын біріктіреді. Сондықтан Ораза айт шын мәнінде барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке. Ораза айт мерекесінде барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке және бақыт тілейміз! Ораза айт қабыл болсын!