29-07-2024
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында этномәдени бірлестіктер жастарының қатысуымен, неміс ЭМБ ұйымдастыруымен «Коммуникативтік дағдылар тренингі» өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - коммуникативтік дағдыларды, білімді, қабілеттерді дамыту.
Бұл тренинг эмпатияны, табандылықты, сенімді сөйлеу дағдыларын дамытуға, басқа адамдарды түсіну, шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар жиынтығы.
Тренинг барысында балаларға қызығушылықпен орындаған әр түрлі тапсырмалар берілді. Жас ұрпақ өкілдері коммуникативті дағдылар дегеніміз не және олардың біздің өміріміздегі рөлі туралы көп нәрсе білді, сонымен қатар бір-бірімен танысуға, әлеуметтік рөлдерді біріктіруге және анықтауға бағытталған түрлі ойындар ойнады.
«Маған іс-шара өте ұнады. Барлық балалар өте ерекше белсенді тұлғалар, көңілді және танымды болды», - деп ойымен бөлісті қатысушылардың бірі.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.