07-03-2019
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері, аналар кеңесі, шығармашылық ұжымдар, көп балалы аналар мен Өскемен қаласының тұрғындары қатысты.
8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай Достық үйінің және шығармашылық ұжымдардың өкілдері қаламыздағы аналарға және көпбалалы аналарға мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлады және арнайы шақырылған көпбалалы отбасылардың жетістіктерін қонақтар мен қатысушыларға таныстырды.
Концерттің соңында көп балалы отбасылар демеушілер тарапынан сыйлықтар алды («Пицца Блюз» кафелер желісі, «Юбилейный» кинотеатры, облыстық театр, орталық бассейн).
Іс-шараның басты мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсету жөніндегі жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты насихаттау. Отбасы құндылықтары мен отбасындағы тәрбие мәселесін көпшілікке тарату. Қаладағы көп балалы отбасыларына қолдау көрсету. Әртүрлі ұлт өкілдері отбасылары арқылы ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту, ел бірлігін насихаттау.
Бүгінгі таңда бұл отбасылар көп балаларды өмірге әкелумен қатар оларды жан-жақты тәрбиелеп, еліміздің дамуының әр саласында өздерінің үлестерін қосуда. Қаламыздағы көпбалалы отбасылардың бірі Ахметовтер отбасы бұл отбасында өзгелерге үлгі боларлық істер көп. Осы әулеттің мүшесі Ажар Өмірбайқызы 1 сынып оқушысы «Ұялы телефонның зияны мен пайдасы» туралы ғылыми жоба байқауының 1 – орын иегері болса, Аяжан Өмірбайқызы 4 сынып оқушысы Халықаралық би байқауының бірнеше дүркін жеңімпазы.