«Qosh keldin, Jana jyl!» атты мерекелік шара

28-12-2022

«Qosh keldin, Jana jyl!» атты мерекелік шара

Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында этно мәдени бірлестіктердің балалары үшін «Qosh keldin, Jana jyl!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. 

Жаңа жылдық мерекеге Аяз ата, ақшақар мен ертегі кейіпкерлері қатысып, балаларды қуанышқа бөледі. Ән айтылды, би биленді. 

Шара соңында Аяз ата мен Ақшақар балаларға жаңа жылдық сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті. Айта кетейік, осы мерекелік шара үшін Достық үйі 100 дана жаңа жылдық дорбалар сатып алды.