«Рош - а - Шана» мерекелік шарасы

26-09-2022

«Рош - а - Шана» мерекелік шарасы

Еврей этномәдени бірлестігі жаңа жылдың басталуына орай "Рош – а – Шана" мерекелік шарасын атап өтті. Бағдарлама аясында ойындар, викториналар өткізілді, еврей халқының тарихы мен дәстүрлері айтылды. 

Рош ха-Шана (Рош хашана, Рош а-Шана) — еврей күнтізбесінде жылдың басталуын атап өтетін мереке. 

"Бізге мереке өте ұнады, балаларымыз мәдениетіміз туралы көп нәрсе білетіні, оларды болашақта өз балаларына да жеткізетіні қуантады", – деп қатысушының ата-анасының бірі өз пікірімен бөлісті.