Славян жазбасы мен мәдениеті күні

20-05-2018

Славян жазбасы мен мәдениеті күні

Ағымдағы жылдың 20 мамыры күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Славян жазбасы мен мәдениеті күніне арналған әдеби-музыкалық кеш өтті. Славян әліпбиін құрастырушылар, әулиелер Кирилл мен Мефодийдің өмір жолындағы оқиғалар, орыс халқының мәдениеті мен жабасының тарихы  туралы материалдар ұсынылды, мектеп оқушылары арасында әртүрлі ойындар ойнатылды.

Досытқ үйі – қоғамдық келісім орталығының концерт залында Достық үйінің словян этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Славян жазбасы мен мәдениеті күніне арналған оқушылардың шығармашылық жұмыстары байқауы қортындыланды.

Бұл байқау 25 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Бұл шараны Шығыс Қазақстандағы қоғамдық қайраткер, депутат, Славян қозғалысының көшбасшысы Михаил Николаевич Головков бастаған болатын.Бұл адамның атымен Славяндық ұйымдардың бастамасымен Өскемен қаласының көше аталып, өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылған.

Оқушылар шығармалары рефераттар, композициялар, тарихи және әдеби эссе, музыка және сурет формаларында бағаланды.