«Пасха» мерекесі тойланды

25-04-2022

«Пасха» мерекесі тойланды

Ағымдағы жылдың 24 сәуірі күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Пасха» мерекесі тойланды.

Пасха - Иса мәсіхтің қайта жандану құрметіне арнап белгіленген христиандардың көне мейрамы. Әртүрлі христиан конфессиялары әрқилы күнтізбе қолданатындықтан, Пасха мерекесі әрдайым бір уақытқа сәйкес келе бермейді. 

Шараға жиналғандар Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының украин этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдарды дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, мерекелік көңіл күйге бөленді. 

«Пасханың мен үшін маңызы әрқашан зор. Үлкен әрі терең мәнге ие бұл мереке біздің бірлестігімізбен аталып отырғанына қуаныштымын» деп өз ойымен бөлісті украин этномәдени бірлестігінің өкілі.