ҚХА-ның өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастыруда

18-07-2024

ҚХА-ның өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастыруда

Мемлекет басшысы, ҚХА-ның Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ХХХІІІ сессияда Ассамблеяның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық және қайырымдылық көмек көрсетудегі маңызды рөлін атап өтіп, баспанасыз қалған тұрғындарға ерекше көңіл бөлу қажеттігін де тапсырған болатын.

Бұл ретте Ассамблея шын мұқтаж жандарға көмектесуде. Тұрғын үйлерді халықтың әлеуметтік осал топтарына, асыраушысынан айырылған, құқық белгілейтін құжаттарында мәселелер туындаған немесе жеке тұрғын үйі жоқ көпбалалы отбасыларға алып беруде.

Бұл жолы ҚХА мүшелері мен меценаттарының жеке қаражаты есебінен тағы бір үй сатып алынды. Қоныс тойын Атырау облысы Құлсары қаласының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Дауылбаевтар отбасы атап өтті. Табиғи зілзаланың салдарынан балалар жеке тұрғын үйсіз қалды.

Бұл маңызды оқиға жарқын болашаққа деген жаңа мүмкіндіктер мен үміттің ғана емес, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының терең қамқорлығы мен қолдауының символы.