31-05-2019
Іс-шара Өскемен және Семей қалаларында өткізілді. Өскемен қаласында өткен форумға - Өскемен, Риддер қалаларының, Глубокое, Ұлан, Катонқарағай аудандары мен Алтай ауданының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, жастар және аға буын қатысты, Семей қаласында өткен форум – Семей, Курчатов қалалары мен Бесқарағай, Бородулиха, Жарма аудандарын қамтыды..
- Қазақ елінің алдында халқымыздың ары қарай өсіп-өркендеуі үшін, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуы үшін, бейбітшілікті сақтау үшін жауапты науқан тұр. Ол - еліміздің Президентін сайлау науқаны,- деп бастады Өскемен қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлаухан Аухадиев. - Қасым -Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы басқа кандидаттардан қарағанда жан-жақты, яғни еңбекақыны әділетті төлеу, халықтың жағдайын жақсарту сияқты барлық мәселелер қамтылған.
Этномәдени бірлестіктер Елбасының бағытын қолдайтын мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде –К.К. Тоқаевты көргісі келетіндігін, сонымен қатар, оның негізгі ұстанымы және оның өмірлік көзқарасы осы бағытқа толығымен сәйкес келетіндігін атап өтті. Қазақстан халқының тарихи тағдыры үшін осы сайлаудың маңыздылығын сезінген этномәдени бірлестіктердің өкілдері Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында қолдау көрсететіндігін мәлімдеді.
- Біз тарихи дамудың жаңа кезеңінде Қазақстан Республикасы Президенті лауазымындағы тарихи миссияны орындау Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тиесілі болуы тиіс деген көзқарасты ұстанамыз. Бұл еліміздің болашағы үшін қажет, өйткені біздің ертеңгі күніміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті белгілеген даму векторының жүруіне байланысты,- деді Светлана Маркова ШҚО Глубокое ауылының Ассамблея мектебінің жетекшісі.
Семей қаласындағы "Біздің таңдауымыз – бірлік пен келісім" форум Семей қаласының медицина университетінде ұйымдастырылды. ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Қ. Тоқаевты қолдауға арналған форумда алғашқы болып сөз алған Семей медицина университетінің ректоры, кандидаттың сенімді өкілі Жунусов Ерсин Тұрсынханұлы:
- Әртүрлі этномәдени бірлестік өкілдері мен студент жастарды кандидаттың сайлауалды бағдарламасы мен танысып, Еліміздегі бірлік пен келісім сақталып, қарқынды дамуы үшін Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдайтындарын білдірді.
І-шара этномәдени бірлестіктердің мерекелік концеріне ұласты.