Ұрпақтары сабақтастығы

22-02-2018

Ұрпақтары сабақтастығы

21 ақпанда аудандық Достық үйінде қоғамдық келісім кеңесімен ұйымдастырылған «Мызғымас бостандық және аты аңызға айналған» ұранымен Совет Армиясы және Флотының 100 - жылдығына орай тарих сабағы өтті. Сабаққа болашақ жауынгерлер, аудан орталығы мектептерінің оқушылары, колледж студенттері, әскери қызметкерлер – шекарашылар қатысты. Сабақтың құрметті қонақтары қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің және шекара бекетінің офицерлері, сондай- ақ  сонау ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында әскери борыштарын өтеген ауған жауынгерлері, сарбаздар, матростар, сержанттар болды. Сабақтың спикері В. М. Козинскийдің қысқаша хабарламасынан кейін, қонақтар интернационалдық борышын Кубада, солтүстік Вьетнамда, Ауғанда өтеген естеліктерімен бөлісті. Қатысушылар жерлестеріміздің тәуелсіздікпен туған жер үшін танытқан ерлігі мен батырлығына, олардың намыскерліктеріне тәнті болды.  Іс-шарада аудан әкімі аппаратының басшысы Т. Н.Глазинский және "Нұр Отан" партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.У.Омаров болды.