06-02-2023
Қазіргі қоғамда медиация әртүрлі жанжалдарды шешудің көмекшісі болып табылады. Медиация технологиялары сот ісін реттеудің балама әдісі ретінде қолданылады.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кабинетінің ашық есік күні» республикалық акциясы аясында «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» азаматтарға қоғамдық көмек көрсетілді. Кәсіби медиатор Танекенова Тулетай Замамбекқызы таңғы сағат 10-нан бастап ашық қабылдау жүргізді. Осы уақыт ішінде медиация кабинетін пайдалануға ниет білдіргендердің барлығы өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, туындаған даулы мәселелерді оң шешуге мүмкіндік алды.
Еске сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің ашық есік күні ҚХА-ның қоғамдық құрылымдарын да, қызметі қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған мүдделі уәкілетті тұлғаларды да Ассамблея сайтында шоғырландыру мақсатында өткізіледі және Қазақстан Республикасындағы бірлікке бағытталады.
Кәсіби медиатор Танекенова Төлетай Замамбекқызы медиацияны жанжалдарды шешу тетігі ретінде қолдану азаматтық қоғамның дамуына, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және толеранттылықты нығайтуға ықпал етеді деп есептейді.