2018 жылдың 12 мамыры күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Өскемен қаласы КВН ашық лигасының ¼ финалы өтті. Шара екі бөлімнен тұрды.
Бірінші бөдімінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қаласы Медициналық колледж, Семей қаласының Шакарим университтеттерінің студенттері және Зайсан, Ұлан, Күршім аудандарының командалары қатысты. Әдір қазылардың шешімі бойынша бірінші бөлімде Күршім ауданының командасы үздік деп танылды.
Екінші бөлімде «Элегант», Ауэзова ауылы және Аягоза ауданының командалары өнер көрсетті. Екінше кезең қортындысы бойынша «Элегант» командасы ұздік шықты.