Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының салтанатты тұсаукесері өтті

15-02-2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының салтанатты тұсаукесері өтті

2018 жылдың 15 ақпаны күні, Өскемен қаласының Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында, ШҚО әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызының қатысуымен Н. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесері өтті.

Аталмыш шараға Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік өкілдері қатысып, кітап барша қазақстандықтар үшін құнды дүние екендігін атап, әсіресе жас ұрпақ тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарындағы маңызды оқиғаларды кеңінен біліп кана қоймай, туған отанымызбен мақтануына, жарқын болашаққа үлес қосуына септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.