12-04-2019
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Үндеуін талқылауға арналған отырыс өтті. Отарыс барысында сөз алған ШҚО «Жаңғыру жолы» жастар штабының төрағасы, облыстық татар этномәдени бірлестігінің мүшесі Р.А. Юнусов алдағы кезектен тыс өтетін Президент сайлауы қазақстандықтар үшін тарихи және деркезінде қабылданған оң шешім екендігін жеткізді..
ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасының орынбасары, Өскемен қаласының құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Л.Б.Шик отырысқа қатысқан барлық жастарға мұндай тарихи әрі жауапты сәтте қалыс қалмай, еліміздің әр азаматы өз таңдауын жасағаны жөн екендігін атап өтті. Шараға қаламыздағы жастар орталықтарының өкілдері, Этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен белсенді жастары, ШҚО «Жаңғыру жолы» жастар штабының мүшелері қатысты.