«Үміт ханзадасы мен ханшайымы»

02-12-2022

«Үміт ханзадасы мен ханшайымы»

«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында» «Үміт» балалар үйінің ұйымдастыруымен «Үміт ханзадасы мен ханшайымы» байқауы өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 2022 жыл «Балалар жылы» болып жарияланды, яғни биыл өскелең ұрпақты қолдауға ерекше көңіл бөлінуде.

Шараның басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру.

Шара барысында қатысушылар әлем елдерінің ұлттық киімдерін, сондай-ақ өз өнерлерін көрермендер мен қазылар алқасына таныстырды.

Қорытындылай келе, неміс елінің қуыршақтарын таныстырған Максим Строй мен Кристина Аржанова «Үміт ханзадасы мен ханшайымы» атағын жеңіп алып, байқау жеңімпазы атанды.

«Іс-шара біздің қаншама белсенді, шығармашыл, тапқыр, дарынды балаларымыз барын және олардың шығармашылыққа қаншалықты араласатынын көрсетті. Достық үйіне және ұйымдастырушыларға рахмет!», - деп өз ойымен бөлісті шара қонағы.