Мектеп жанындағы «Достық» лагері Достық үйінде

22-06-2018

Мектеп жанындағы «Достық» лагері Достық үйінде

 Ағымдағы жылдың 22 маусымы күні Б-Владимировка орта мектебінің жанындағы «Достық» лагерінің оқушылары аудандық Достық үйінде экскурсияда болып, мұражай бөлмелерінің құрылу тарихымен танысты.

Балалармен « Негізгі күш –достықта» атты танымдық сағат өткізілді, онда оқушылар өзара қарым-қатынастары туралы ой-өрістерін кеңейтіп, достық туралы сурет салып,жұмбақтар жасырды. Іс- шара барысында «Достар» атты қазақстандық мультфильм көрсетілді.

Достық үйіндегі экскурсия – бұл балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, патриоттық және эстетикалық тәрбие беруге тамаша мүмкіндік болды.

Іс-шара соңында балаларға атаулы дипломдар мен тәтті сыйлықтар тәттілер таратылды.