Шуақ шашқан мереке

18-05-2017

Шуақ шашқан мереке

Шығыс Қазақстан облысындағы Корейлер қауымдастығы және Қазақстан-Корей «Квансон»  колледжінің белсенділері, бастауыш сынып оқушыларымен мектеп жасына дейінгі балаларға қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

         -Біздің мекемеде денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі  балалар білім алады,-дейді математика пәнінің мұғалімі Полина Ким. –Ішінде ақыл-ойы кем оқушылардан бөлек аутизм немесе ДЦП ауруымен ауыратын балалар да бар. Балаларға көңіл бөлу олармен әңгімелесу жетіспейді. Сондықтан еріктілер ұйымдастырған бұл мереке балаларға ерекше әсер қалдырды. Олар ойнады, би биледі, сурет салып, фокус тамашалады.

         Акцияға  Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігінің еріктілері Джу Сын Рен мен Татьяна Вон, және де Өскемен қаласының жас сиқыршысы Денис Цой сынды белсенді жастар қатысты. Қайырымды көркемөнерпаздарға балалардың күлкісі ең үлкен сый болғаны анық. Мағыналы ойын-сауық бағдарламасынан бөлек студенттер, оқушылар және  жас жұмыскерлерден құрылған еріктілер тобы мектеп оқушыларына кітаптар, түрлі дамытатын ойындар мен пазлдарды сыйға тартты.

         Шығыс Қазақстан корейлер қауымдастығының төрағасы Юлия Кунст осындай қайырымдылық акциялар болашақта да өз жалғасын табатынын жеткізді.