25-04-2018
2018 жылдың 25 сәуірі күні Достық үйі – қоғамдық келісім оратлығында «Толеранттылық мектебінің» «Дәстүрлі мәдениет және қоғамдық сананы жаңғырту» X сессиясындағы «Мәдениетаралық төзімділік кеңістігін қалыптастыру және жастар ортасында диалогты дамыту» жобасы аясында ұлтаралық құзыреттілікті және төзімділікті жетілдіру, мәдениетаралық әлеуметтік өзара әрекеттестікте түсіністік дағдыларын қалыптастыруға арналған екі күндік конференциясы аяқталды.
Шара барысында студенттер 24 сәуір күні берілген «Этникалық дәстүрлер әлемі: ортақ және әртүрлі» және «Сананы жаңғырту үшін жеке дәстүрлердің маңыздылығын анықтау» атты тапсырмаларын көрсетті.