Қонақ отбасы» жобасы – тіл үйренудің жаңа көкжиегі

19-12-2024

Қонақ отбасы» жобасы – тіл үйренудің жаңа көкжиегі

2024 жыл Шығыс Қазақстан облысындағы «Қонақ отбасы» жобасының жемісті әрі ауқымды жылдарының бірі болды. Жоба қазақ тілін үйренуді қалайтын оқушылар үшін теңдесі жоқ тәжірибе ұсынды, ал оның географиясының кеңеюі мен қатысушылар санының артуы жобаның аймақтағы білім беру саласындағы маңызды рөлін көрсетті.

2024 жылы «Қонақ отбасы» жобасы шеңберінде:

  • Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокое, Шемонаиха, Алтай аудандарынан келген 100 бала Катонқарағай ауданының қазақ отбасыларында тұрып, мемлекеттік тілді үйренді.
  • Зайсан және Тарбағатай аудандарынан келген 20 бала Глубокое ауданы мен Риддер қаласының орыс отбасыларында болып, орыс тілін меңгерді.

Бұл тәжірибе балалардың тілді күнделікті өмірде қолданып, мәдениетті тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жоба қатысушылары басқа этнос өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатты.

«Қонақ отбасы» жобасы — этносаралық келісімнің жарқын үлгісі. Оның аясында балалар тек тілді меңгеріп қана қоймай, мәдениетпен, дәстүрмен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Мұндай жобалар Қазақстанның бейбітшілік пен бірлік жолындағы стратегиялық бағыттарының сәтті жүзеге асып жатқанын дәлелдейді.