Ағымдағы жылдың 2 қарашасы күні Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығының славян этномәдени бірлестігінің төрағасы Яковлев Александр Андреевич бастаған экспедиция Шемонаиха ауданына барып, ежелгі жергілікті орыс халық әндері мен халықтық билерін зерттеу мақсатында шығармашылық топтармен кездесті. Ең алдымен біз Камышинка ауылына бардық. Біз осы жерлердегі көне орыс әндері, дәстүрлері туралы көптеген пайдалы ақпараттар таптық және де ауыл тұрғыны Никифорова Антонина Дмитриевна ең танымал орыс халық аспабы - балалайкада тамаша ән орындап берді. Экспедицияның екінші күні Шемонаиха ауданының «Қызыл Шемонаиха» ауылында өтті. Мұнда Совет дәуірінен бері жұмыс істеп келе жатқан «Қызылшемонайха ауылдық клубы» жергілікті клубында біз Колесникова Любовь Павловнаның жетекшілігімен әншілер тобымен кездестік. Олар біз үшін көптеген орыс халық әндерін орындады.