Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесі

11-05-2022

Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесі

Елбасының Жарлығымен мемлекеттік мәртебеге ие болып, тойланып келеді. Бұл күн - бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн.

Бұл күн - елдің қауіпсіздігі мен оны қорғауды, сондай-ақ тәуелсіздікке қауіп төнген сәтте кез келген сыртқы агрессиядан қорғап, бейбіт өмірді қамтамасыз ете алатын барлық әскери қызметшілер мен тыл қызметкерлеріне арналған. Осыған орай «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында» барлық ер-азаматтарды осы атаулы мерекесімен құттықтауға арналған мерекелік концерт өткізілді.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы басшылығы, ӘБП мен саптық бөліністердің жеке құрамдары және командирлері қатысты.
Салтанатты іс-шара ШҚО МҚҚБ басшысы Е.Ә. Авкубаевтың құттықтау сөзінен басталды. Одан әрі марапаттау рәсімі өтіп, концерт өз жалғасын тапты.

Мерекелік іс-шара маған қатты ұнады. Ерлер қауымына арнап ұйымдастырылған концерт жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушылар мен өнерпаздарға көп рақмет!, - деп өз ойымен бөлісті іс-шара қонағы.