Профилактика және жанжалдардың алдын алу

05-12-2018

Профилактика және жанжалдардың алдын алу

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсаны күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Профилактика және жанжалдардың алдын алу» тақырыбына медиация бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық медиаторлар палатасы» өкілдігі, ШҚО хатшылығы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу департаменті ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық медиаторлар палатасы» өкілдігі, ШҚО хатшылығы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу департаменті, ШҚО өңірлік соты: Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық соты, Шығыс Қазақстан облысы бойынша облыстық прокуратура, кәсіподақтар аймақтық кеңесі, ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті, ШҚО әділет басқармасы, "Альтернатив" Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы» қоғамдық бірлестігі, Ұлттық «Атамекен» Қазақстан Республикасы кәсіпкерлер палатасы, «Өскемен ЖЭС» ЖШС, «Восток-Молоко» корпорациясы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Құқықтану» мамандығының студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында жанжалдардың алдын алу, жанжалдардың сотқа дейінгі реттеуді жетілдіру және болдырмау әдістері талқыланды.