15-07-2019
Облысымызда мектеп медиациясына көп көңіл бөлінген. Оның бір көрінісі ретінде Өскемендегі мектептердің жоғары сынып окушыларына ай сайын өткізілетін «Дауларды шешудің баламалы әдістері» тақырыбындағы семинар-тренингтерді айтуға болады. Мұндай семинарлар жыл басынан бері 792 оқушының қатысумен 11 қазақ және 11 орыс мектебінде өткізілді. Басты мақсаты жасөспірімдерді қандай деңгейдегі болсын қайшылықтардын алдын алуға, бейбіт жолмен шеше білуге үйрету.
Балалар арасында орын алатын жанжалды жағдайларды қысқарту мақсатында кәсіби медиатор Төлеутай Танекенова аудандарда кәсіби емес және мектеп медиаторларымен оқыту семинарларын өткізуді қолға алған. Осындай жұмыстар нәтижесінде жақында Ұлан ауданында бірінші аудандық «мектеп медиациясы» бойынша байқау өткізіліп, жеңімпаздар С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да өткен облыстық «мектеп медияциясы» байқауына қатысып төртінші орынды иеленді.