Масленица» мерекесі өтті

27-02-2023

Масленица» мерекесі өтті

Масленица мерекесі Славян халықтарының асыға күтетін мерекелерінің бірі. 26-ші  ақпанда  қаламыздың амфитеатрында «Орыс этномәдени» орталығының және «Славян» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Масленица» мерекесі өтті. 

Дәстүрлі Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алуға арналған Ұлы ораза алдындағы бір апта бойына жалғасатын мереке. Шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестіктің мүшелері, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Достық үйінің этно-мәдени орталығы мүшелері концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылымдар қойды. Көше бойын жағалаған сайқымазақтар, ертегі кейіпкерлері мерекелік шеруге айрықша рең берді. Сонымен қатар, орталық алаңда жәрмеңке ұйымдастырылып, спорттық жарыстар өтті.

«Маған бүгінгі мереке қатты ұнады. Ұйымдастырушыларға керемет атмосфера сыйлай алғаны үшін алғысымды білдіремін! Мереке құтты болсын!», - деп өз ойымен бөлісті шара қонағы.