«На перекрёстке миров» атты кітабының тұсаукесері өтті

21-06-2022

«На перекрёстке миров» атты кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін жас жазушы Дарья Цойдың өмірінде өте маңызды оқиға орын алды. Кітаптың тұсаукесері – балаларымыздың жемісті Қазақстан жерінде өсіп-өніп, тегін білім алып, болашақ мамандығын таңдау құқығына ие болуының, өнері мен дарынының шыңдалуының көрсеткіші. 

Дарья Цой – биыл Л.Гумилев атындағы №38 гимназияның 11-сыныбын бітіретін қаламгеріміз. Үшінші сыныпта ол «Жылдам оқу және есте сақтауды дамыту» курсынан өтті, содан кейін оқылған материалдың жылдамдығы мен дамуы минутына 1800 сөзге жетті. Осы шеберліктің арқасында кітап оқуға, әдебиетке деген сүйіспеншілік туды.

Алғашқы кітап ел есінде мызғымас дүние ретінде мәңгі сақталады. «На перекрёстке миров» кітабын жазуға 6 ай уақыт кетті. Кітап жастар романы жанрына жатады. Бұл шығармада достық, алғашқы махаббат, жақын адамдардың өзара түсіністігі, қолдауы сияқты қарапайым нәрселер бар. 

«Мен үшін кітап шығару – жаңа нәрсені сынап көру, өзімді тұлға ретінде, жазушы ретінде көрсету және оқырмандарға салауатты достық пен отбасылық қарым-қатынасқа деген көзқарасымды көруге мүмкіндік беру», - деп бөлісті жас жазушы. 

Дарьяға шын жүректен шығармашылық табыс тілейміз!