11-01-2022
Бүгін ұжыммен бірге Қазақстан Республикасының Президенті - Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын тыңдадық.
ҚР Парламенті мәжілісінде сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздіктің барлық жүйесін түбегейлі қайта ұйымдастыру қажеттігі туралы мәлімдеп, Қазақстанның күштік блогын күшейту жөніндегі негізгі тармақтарды белгіледі.
Қазақстандықтар үшін соңғы күндер өте күрделі және алаңдатарлық болды, бірақ соған қарамастан біз сабырлық, бірлік және қырағылық сақтауымыз керек.
Біз Президентті қолдаймыз және Қазақстанның жарқын болашағына сенеміз!