Мерекелік телекөпір өткізді

01-03-2023

Мерекелік телекөпір өткізді

1 наурыз Алғыс айту күнінде Астана қаласының Достық үйінде Хатшылық меңгерушісі – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Қазақстан Дархан Қыдырәлі барлық облыстық Қазақстан халқы ассамблеяларымен мерекелік телекөпір өткізді.

Жалпыұлттық телекөпірге облыстық Қазақстан халқы ассамблеялары мүшелері мен қалың жұртшылықтың қатысуымен және еліміздің барлық аймақтарынан 40 достық үйі қатысты. Облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы да іс-шарадан шет қалмады. Мерекелік шараға ШҚО ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық мекемелерінің өкілдері қатысты.

Әңгіме барысында Марат Әзілханов өз кезегінде ортақ үйіміз – Қазақстанда бірлік пен келісімді нығайтуға арнаған қазақстандықтарға ерекше алғысын білдірді.  Ол Ассамблеяның әрбір мүшесіне бейбіт Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін жеке алғыс пен мойындауға лайық екендігін атап өтті.

Телекөпірге қатысушылар Алғыс айту күнінің қоғамда сенім мен келісім атмосферасын қалыптастыру, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, барша қазақстандықтар арасында азаматтық борыш пен жауапкершілікті тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті.

Телекөпір еліміздің барлық аймақтарында Алғыс айту күніне арналған ауқымды шараларды басталды.