Пурим —  «мереке мен қуаныш күні»

10-03-2021

Пурим — «мереке мен қуаныш күні»

Қыстың бітіп көктемнің бастау алған кезеңі Еврей халқы үшін айтулы кезең. Үйткені олар көктем айында тарихы екі жарым ғасырды құрайтын, таңбасы сонау V- ғасырдан таспаланған Пурим ұлттық мерекесін аттап өтеді. 

Осы қалыпасқан дәстүр аясында  «Сион» Еврей мәдени орталығы Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығында еврей халқының «Пурим» мерекесіне орай ұйымдастырылған кездесу өткізді. 

«Еврей дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бойынша біз ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан "Пурим" көңілді әрі қуанышты мерекесін ойдағыдай атап өттік. Қазақстанда тұратын барлық еврейлерді мерекемен құттықтап, қазақ жұртына алғыс айтып әрқашан татулықта болуды тілеймін»,- дейді «Сион» еврей мәдени орталығының белсенді мүшесі Наталья Лебедева.

Ғасырлар бойы қалыптасып, өзіндік даму сатысында бүтіндей ұлт болмысымен тікелей байланысты мереке жыл сайын айрықша аталып өтеді. Пурим ол - Парсы хандығындағы патша орынбасары жауыз Аманның еврейлерді жою мақсатында құрған саясатынан аман қалған кезінен бастап тойланып келеді. Дәстүрге сай  мереке барысында кең дастархан жайылып,  мерекелік сахыналанған бағдарламалар қойылды.

Мерекеге келген қонақтар қойылымдарға қатысып, бір-біріне көңілді әндер айтып тәттілермен сый алмасты. Кеш қонақтарының көңілінен ең көп шыққаны пурим эстафетасы болды. Қызықты және интеллектуалды сайыстар, ойындар барлық қатысушылар мен қонақтарға ұмытылмас әсер қалдырды.