«Пурим» мерекесі

14-08-2014

«Пурим» мерекесі

«Еврей мәдениеті күндері» аясында Облыстық Достық үйінде 2011 жылдың 19 наурызында «Пурим» еврей мерекесі өтті. Персид империясында өмір сүрген еврейлердің құлдықтан босануына байланысты, Пуримді Адардың 13 күні тойлайды. Мерекенің негізі болған оқиғалар «Мэгилат Эстэрдің» кітабында жазылған. Мереке қуыршақ театрының қойылымымен басталды. Сахнаға ертегі кейіпкерлері Ахашвереш патша және Ваше патшайым шықты. «Пуримшпиль» ойналып, семсердің күшімен жауыздықты жеңді. Бұл мерекелік концерттің бастамасы болды, мерекеге келген көрермен ертегіні қызықтап тамашалады. Ертегі «Хаг Пурим» өлеңімен аяқталды. Мерекелік ашылу сөз Хэсэд директоры Лебедев Владимир Викторович берілді. Ол сөзінде бұл мерекенің тарихы тереңде жатқанын айта келіп, осы залда қиын-қыстау кезеңдерде көптеген оқиғаларды басынан өткерген, сол еврейлердің ұрпақтары отырғанын және қай жағдайда болмасын еврей халқына әр уақытта да, тек қана құдай көмекке айттып өтті. Сөзін аяқтай келе ол барлығына денсаулық пен бақыт тіледі. еврей этномәдени бірлестіктің шығармашылық ұжымдары өнерлерін көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді. Мерекелік шара барысында «От горшка два вершка» көңілді биімен «Алақай» би тобы көрермен көңілін көтеріп тастады. (жетекшісі Чуйкова. Ю). Тамаша сезім мен үлкен махаббатқа толы тамаша әнді «Зоар» тобы орындап шықты. Осы топ өз орындауында классикалық стильді ұстанады әрі сахнада өзін-өзі ұстау қабілетімен ерекшеленеді. Әнің мәні, орындау мәнері еврей халқының тұла бойындағы мінез–құлқын танытады. «Пятый океан» әнін Станислав Божко орындады. Оның ғажайып сыңғырлаған дауысынан, бірге тұратын адамдарға, туған жерге деген ыстық сезімі білінді. Алина Тюменцева би тобының қолдауымен балаларға арналған көңілді «Ладошки» әнін орындады. Үнді биінің орындалуында еврей халқының би элементерін байқап қалмау мүмкін емес. Бұл халықтар мәдениетін өзара әрекеттестігі, түсіністігі осыған негіз болып табылады. Бұл биді еврей этномәдени бірлестігінің қыздары орындады. «Зоар» халықтық ұжымының жетекшісі Санталина Лариса «Одесское попурри» әнін орындады. Бағдараламаны «Зоар» тобының орындауындағы «Лехаим» әні аяқтады. Еврей халқының ең мейірімді , көңілді мерекесінде барлық жердің адамдарына ізгі тілектер тіленді. Мереке соңында жиналған көпшілік, құрбандық ретінде залға қойылған Цдака жәшігіне қасиетті парыздарын орындап, садақаларын салды. Облыстық Достық үйі.