Әділ Қазақстанды құру жолы

02-11-2022

Әділ Қазақстанды құру жолы

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы жақында Өскеменде болып қайтты.

Штаб мүшелері «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы» – этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ университеті қабырғасында кездесті. 

️Жиын барысында өңірді жан-жақты дамытудың тиімді шаралары талқыланып, кандидаттың «Әділетті Қазақстан – баршаға және әркімге» атты сайлауалды бағдарламасында көрсетілген тарихи мұраны сақтауға қатысты мәселелер талқыланды.

Қорытындылай келе, азаматтардың бір мақсаты – әділетті Қазақстан құрылысы төңірегінде топтасу керектігі жөнінде айтылды.