Достық үйіне саяхат

05-05-2022

Достық үйіне саяхат

Бұл апта танымдық экскурсиялармен ерекшеленді. Бұл жолы шағын мәдени саяхатқа Шығыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері аттанды. "Достық үйі" қонақтарды құшақ жая қарсы алды. Оларға қоғамдық келісім орталығының тарихы туралы айтып берді. 

Экскурсия барысында күзет қызметінің қызметкерлері этно-мәдени бірлестіктер әлеміне саяхат жасады. Этномәдени бірлестіктердің кабинеттеріне барып, еліміздің аумағында тұратын әрбір этностың салт-дәстүрлері мен рухани мұралары туралы көптеген қызықты мағлұматтар алды. Әртүрлі заттарды тамашалап, тұрмы-тіршілігімен танысты. 

Сонымен қатар, іс-шара барысында біздің қонақтар Достық үйінің тарихына арналған кітап қорымен танысты, сондай-ақ Қоғамдық келісім орталығында және облыс аудандарының мәдени өмірінде болып жатқан барлық оқиғалар үнемі жарияланатын "Ассамблея хабаршысы" газетінің шығарылымдарын көрді. 

Шағын экскурсияның соңында ШҚО бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері этно- естелік суреттерге түсті. Бір сәтке барлық қонақтар өздерін нағыз "кавказдықтар", "қазақтар" және "славяндар " секілді сезініп, ұлттық киімдерін киді.

"Экскурсия маған ұнады. Достық үйі бір күні бізді тағы да шақырады деп үміттенемін. Естен кетпес әсер қалдырды", – дейді қатысушылардың бірі.