Мәдениет пен келісімге арналған саяхат

19-09-2024

Мәдениет пен келісімге арналған саяхат

Шығыс техникалық гуманитарлық колледжінің студенттері Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығына экскурсия жасап, мәдениет пен ұлттар арасындағы келісімді қолдауға арналған орталықтың жұмысымен танысты.

Студенттер ҚХА мүшелерінің, ЭМБ көркемдік ұжымдарының қатысуымен дайындық шаралары, дөңгелек үстелдер, конференциялар, хореография, көрермендер және конференц-залдарында болды.

Сондай-ақ суденттер Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы презентацияны тамашалап, оның құрылымы мен қызметі жайында танысты. Презентация арқылы олар Ассамблеяның елдегі этносаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесін, әртүрлі мәдени шаралар мен жобаларды ұйымдастырудағы рөлін біле алды.