«Qazaq eline myn tagzym!»

02-03-2022

«Qazaq eline myn tagzym!»

2022 жылғы 1 наурызда Достық үйінің 30 жылдық мерейтойы мен этностардың Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Достық үйінің акт залында «Qazaq eline myn tagzym!» облыстық форумы өтті. 

Көктемнің алғашқы күні еліміздің ең басты мерекелерінің бірі, әрбір адамның жүрегіне жақын, қазақстандық патриотизмнің, достықтың, мәдени саналуандықтың ұлы күні болып табылады. 

1 наурызда ерекше аталып өтілетін мереке «Алғыс айту күні» және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні, сондай – ақ Шығыс Қазақстан облысының Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығы үшін мерейтойлық жыл. Қазақстан Республикасында алғашқы Достық үйінің ашылғанына 30 жыл. Отанымыз-Қазақстан Республикасының игілігі үшін жұмыс істеп, ұлтаралық келісімге және Қазақстан халқының мәдениетін дамытуға қосқан үлесі зор. 

Іс-шараның алғы сөзі тақырыптық тетатрализацияланған қойылымнан басталып «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының» шығармашылық ұжымдарды дайындаған концерттік нөмірлермен жалғасты. 
Шара барысында фойеде сәндік – қолданбалы өнер көрмесі мен этномәдени бірлестіктердің көрмесі ұйымдастырылып, көрермендерге ұсынылды. 

«Мен мерекені ұйымдастырушылар мен «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығына»  алғыс айтқым келеді! Әрқашан бізге жақын болғандарыңыз үшін, қолдау мен қамқорлық үшін, керек кезде берілетін көмек үшін сіздерге шын жүректен-рахмет!», - деп өз тілегін арнады Польяк мәдени орталығының мүшесі Валентина  Фрыжко. 

«Бүгінгі шара жоғары деңгейде өтті. Мерекеден алынған эмоциялар ризашылық білдіруге деген шынайы ықыласты тудырады. Достық пен сенім үшін, көмек үшін, сүйіспеншілік пен қолдау үшін, қамқорлық үшін ұйымдастырушылар мен ұжымға рақмет!», - шара қатысушыларының бірі.