15-02-2019
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында «Айбын» әскери-патриоттық клубының ашылуына арналған отырыс өтті. Кездесу барысында 2019 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, клуб тұжырымдамасы қаралды. Айта кетер болсақ, 30 қаңтар күні Жастар жылының ашылуына байланысты ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы штабының өкілдері, «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының Республикалық бірлестігінің ШҚО филиалымен екіжақты ынтымақтастық - меморандумына қол қойды. Іс-шара соңында, интернационалист жауынгерлерді еске алу күніне арналған мерекелік концерт өтті.