21-01-2019
Ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні Татарстан Республикасының ТНВ телеарнасының журналистері жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданына келді. Қазан қаласынан келген журналист Тансылу Насырова Бесқарағай ауданындағы және тұтастай алғанда Қазақстандағы ұлтаралық тұрақтылықты сақтау және дамыту жөніндегі белсенді жұмыстарына таң қалды.
Сапардың басты мақсаты - татар халқының ана тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтау салаларындағы қоғамдық бірлестіктердің жұмысы туралы әртүрлі елдердегі татарлардың өмірімен танысу.
Қонақтарға мұражай бөлмелеріне экскурсия ұйымдастырылып, әрбір этномәдени бірлестіктің өкілі қонақтарды салт-дәстүріне сәйкес қарсы алды. Оларға Достық үйінің жұмысына арналған слайд презентациясы көрсетілді. Сапар барысында Башкөл ауылында татар этномәдени бірлестігі мүшелерінің қатысуымен сауалнама жүргізілді.
Өз сұхбатында Достық үйінің директоры М. Абылгазинова, татар этномәдени бірлестігінің мүшесі Л.Бектина Достық үйінің және этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы, Бесқарағай ауданында 28 ұлттың өкілдері бейбітшілікте, келісімде және өзара түсіністікте өмір сүретінін, Қазақстан халқы Ассамблеясының миссиясы туралы айтып берді.
Бесқарағай ауданының Достық үйі