Радуга» журналы

14-08-2014

Радуга» журналы

2012 жылдың 22 қараша күні Облыстық Достық үйінде ауызша ақпараттық-танымдық «Радуга» журналының орта сынып оқушыларына арналған кезекті шығарылымы өткізілді. Журнал бағдарламасына төмендегі парақтар қосылды:     Облыстық Достық үйінің   20-жылдығы, ЭМБ танысу, «Экобілгіш»-экосабағы, Ойынхана. Журналдың мақсаты: ұлт бірлігін насихаттау және оқушыларды Облыстық Достық үйі этномәдени бірлестіктерімен таныстыру. Студенттер жасағының көмегімен қатысушыларды журналдың танымдық ойын бағдарламасына белсене қатысты. Балалар «Экология» ұғымы мағынасымен танысты. Экобілгіште тұрмыстағы қатты қалдықтарды пайдаға асыру және қайта өңдеу тақырыбы қарастырылды, сонымен бірге тұрмыс қалдықтарынан жасалған бұйымдарды көрсетті (пластиктен жасалған шөлмек, шырын қораптары). Көрермендерге №10 орта мектеп оқушысы Рита Котовичтің  жетекшісі Хардина Ирина Юлиановна, «Улыбка» - шығармашылық ұжымы, жетекшісі Кондакова Валентина Алексеевна және тағы басқа қатысушылардың көрсеткен өнері ұнады. Шараға 60 адам қатысты.   Облыстық Достық үйі