14-03-2018
Наурыздың 14 күні аудандық Достық үйінде еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың "Бес әлеуметтік бастамалар" талқылау бойынша, Қоғамдық келісім кеңесінің және отбасындағы толеранттылық мәселесі бойынша Аналар кеңесінің Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні аясында кеңейтілген отырыс өтті.
Сонымен қатар, кеңестердің мүшелерімен бірге жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен мамандары, аудандық ұйымдар мен мекемелердің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, кәсіпкерлік палатасы және микрокредиттер ұйымының өкілдері қатысты.
Кәсіпкерлер палатасы, микрокредиттік ұйымның басшылары Жакиянов Б.Д., Нургалиев А.Б. шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызды бастамалар деп санайды. Олар қатысушыларға несие алу және рәсімдеу талаптарымен таныстырды.
Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Козинский В. М., оңалту орталығының басшысы Байкадамова Г. М., білім және спорт бөлімі басшысының орынбасары Кайдарова С. В. өз сөздерінде, бес әлеуметтік бастамалар - мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың экономикалық тұрғыдан қуатты, деңгейі жоғары мемлекет құру бойынша, халықты әлеуметтік қорғау. мақсатты және дәйекті саясатының жалғасы екенін атап өтті.
«Бесқарағай ауданының Достық үйі» КММ-нің директоры М.Абылгазинова