22-09-2021
ZOOM платформасында ҚМДБ өкілдері мен білім басқармалары мен оқу орындары өкілдерінің, облыстың қалалары мен аудандары мектептерінің жоғары сынып оқушыларының қатысуымен "Мәдениет – рухани жаңғырудың, ұлттық кодтың негізі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Конференцияға Өскемен қаласының № 9, №7 орта мектептерінің ұжымдары қатысты.
Берік Қадірұлы – облыстық "Халифа Алтай" мешітінің бас имамының орынбасары, Тезекпаева Меруерт Сансызбаевна – ШҚО білім басқармасының тұлғаны адамгершілік – мәдени дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы сөз сөйледі.
Дәрісте адамзаттың рухани және мәдени даму кезеңдері туралы, сондай-ақ қоғамдағы жағымсыз әрекеттердің алдын алуға не әсер ететіні туралы ұсыныстар жинақталды.
Тақырыпты талқылаған дәріскерлерге көптеген сұрақтар қойылды. Айта кетер болсақ, жастар «Террористік шабуылдар кезінде өзін қалай ұстау керек?», «Қоғамдағы жағымсыз әрекеттердің алдын алу жолдары қандай?», «Кері әсер ету жағдайларын жою үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?» сынды сұрақтарға жауап ала алды.
– Іс – шарада оқушылар өз ойларын ашық айтып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Алдағы уақытта осындай жастарға пайдасы бар дәрістер өткізуге біз әрқашан дайынбыз. Қатысушыларға және ұйымдастырушы Достық үйіне үлкен рахмет!! – деп Берік Қадірұлы өз ойымен бөлісті.