07-12-2022
Бірыңғай күн аясында Шығыс Қазақстан облысының Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында – Жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асыру жолында қоғамды топтастыруға бағытталған республикалық дәрістер өтті. Іс-шараның лейтмотиві: «әр алуандықтағы бірлік», «әртүрлі пікір – бір ұлт» ұстанымдары және «есті мемлекет» ұғымы.
Дәріс залына ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдері, ЭКО, қоғамдық пікір көшбасшылары, қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты. Іс-шараның басты назары тәжірибе алмасу, өзекті идеяларды
насихаттау.
Дәріс залы Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының басшысы Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлының құттықтау сөзімен басталды, ол өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өзекті мәселелер қозғалатын тамаша «коммуникациялық алаң» екенін атап өтті. Аталған тақырыптар талқыланып, өзекті мәселелер шешілді, ал ол шешімдер ҚХА құрамына кіретін қоғамдық құрылымдар арқылы жүзеге асырылады.
Одан кейін сөз сөйлеушілерге берілді, олардың арасында: облыстағы жоғары оқу орындарының оқытушылары, профессорлары, түрлі ғылым кандидаттары, сондай-ақ қалалық Достық үйлерінің директорлары болды. Спикерлер ҚХА қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласындағы» «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы университеттің рөлі», «Қоғамдық келісімді дамытудағы жастардың рөлі», «ҚР қоғамдық құрылымдарының рөлі» сияқты бірқатар тақырыптарды қозғады.
Шара соңында қорытынды шығарылып, «сұрақ-жауап» форматындағы «пікірталас алаңы» жұмыс істеді.