02-08-2024
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысының кәсіби және қоғамдық медиаторлары үшін Медиация күніне арналған «Медиацияны дамыту - елді жаңғыртудың қауіпсіз жолы» атты облыстық семинар-тренинг өтті.
Іс-шараға ШҚО бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі - Серік Маратұлы Мизанбеков, Өскемен қаласының №2 сотының сот төрағасы - Екатерина Сергеевна Белавина, өңірдің Достық үйлерінің қоғамдық институттары мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар өз баяндамаларында «Медиация адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәсілі ретінде», «Тараптардың татуласуы - сот ісін жүргізу міндеттерінің бірі», «Қақтығыстарды шешудегі этномедиацияның рөлі» сияқты тақырыптарды егжей-тегжейлі ашты.
Баяндамаларды тыңдағаннан кейін «ашық микрофон» форматындағы практикалық жұмыс пен пікірталас басталды, онда барша тілек білдірушілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.
Іс-шара сертификаттарды табыстаумен аяқталды.